БҰЛҒАР (ТАТАРСТАН) ТӨҢІРЕГІНЕН ТАБЫЛҒАН XIII Ғ. СОҢЫ – XIV Ғ. БАСЫНДАҒЫ ЖОШЫ МОНЕТАЛАРЫНЫҢ ЕКІ КЕШЕНІ

##article.authors##

  • Алексей Бугарчев А.Х. Халиков атындағы Археология институты (Татарстан, Ресей)
  • Андрей Купцов Нумизмат-зерттеуші, «Ветеран» КЕБ директорының орынбасары (РФ, Москва)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.04

Түйінді сөздер:

монета, дирһем, фракция, ақша айналымы, Бұлғар уәлаяты, Алтын Орда, XIII-XIV ғғ.

Аннотация

Мақала Бұлғар (Татарстан) маңында кездейсоқ табылған және мақала авторлары анықтаған Алтын Орданың Бұлғар уәлаятында соғылған бірнеше монеталарға арналған. Барлығы 30 күміс дирхам қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде олардың арасында Бұлғар мен Биляр ақша сарайларының атаулары жазылған және атаулары көрсетілмеген белгісіз ақша сарайлары өнімдері бар екендігі анықталды. Барлық монеталар XIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIV ғасырдың бірінші ширегіне тиеселі. Бұл Жошы хандығының алғашқы билеушілері  Меңгу-Темір, Туда-Меңгу, тең билеуші Күншек тұсында соғылған дирһемдер мен фракциялар, сондай-ақ, XIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIV ғасырдың бірінші ширегіне жататын атауы мен шекілген уақыты көрсетілмеген монеталар.  Монеталардың көптеген сирек түрлері табылды. Сонымен қатар, монеталардың әрбір түрінің даналары санының статистикасының ұлғаю олардың салмақ сипаттамалары туралы ақпаратпен қоса кейбір жағдайларда модты (белгілі бір монета түрінің максималды саны байқалған салмақтың мәні) анықтауға мүмкіндік берді.

Бізге осы зерттелген екі кешеннің табылған жерлерінің нақты координаттары белгісіз, алайда әр жинақта бірнеше біртекті сирек үлгілердің болуы XIII–XIV ғасырдың басындағы бұлғар ақша айналымының ерекшеліктерін одан әрі зерттеу үшін пайдалы ақпарат.

Автор өмірбаяны

Алексей Бугарчев, А.Х. Халиков атындағы Археология институты (Татарстан, Ресей)

Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология  институтының лаборант-зерттеушісі

Жарияланды

2024-03-29