АЛМАТЫ ЖЕКЕ КІТАП КОЛЛЕКЦИОНЕРЛЕРІ: СҰРАҚТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.07Түйінді сөздер:
Коллекционерлер, заңнамалар, мәдени құндылықтар, жеке музейлер, шығыс қолжазбаларыАннотация
Көнеден жеткен мәдени мұраны сақтау, зерттеу, кейінгіге бұзбай жеткізу аса қажет екені сөзсіз. Құнды мұралардың сақталу ісінде кітапхана, мұрағат және музейлермен қатар жеке қорлар да ерекше орын алады. Жеке коллекциялар ел мәдениетінің ғана емес, жалпы әлемдік мәдениеттің даму тарихын көрсетуі бек мүмкін. Бірақ бір қызығы, жеке қорлар елде артефактілерді ғылыми зерттеу тізіміне енбей келеді. Бұл үрдіс бүгінгі ғылым мен мәдениеттің дамуы шындығына аса келіспей тұр. Жеке коллекциялардың ғылыми атрибуциясының жасалуы және «академиялық айналымға» енуі, сондай-ақ ұлттық музей, кітапхана коллекцияларын толықтыруы үшін өте маңызды, өйткені жеке коллекцияларда елдің рухын өсіретін, бүкіл ел үшін мақтаныш көзіне айналатын құнды жәдігерлер сақталуы бек мүмкін. Осы орайда жеке коллекцияларды есепке алу және оларға сараптама жүргізуіне байланысты шешілмей тұрған мәселелерді де атап өткен жөн. Аталмыш зерделеу жұмыстары орын алған жағдайда, болашақта оларды, ғылыми айналымға енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік берер еді.
Ұсынылып отырған мақалада Алматыдағы қолжазба жинақтаған жеке коллекционерлердің жиі ұрынатын өзекті мәселелері мен проблемалары көтеріліп, шолу жасалады.