ТАЛДЫСАЙ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ ЕСКЕРТКІШТЕРІН МУЗЕЙЛІК БАҒЫТТА ПАЙДАЛАНУ

##article.authors##

  • Ләззат Сембинова «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК ғылыми қызметкері (101500, Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі 14)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.12

Түйінді сөздер:

кешен, археология, туризм, музей, ескерткіш

Аннотация

Қазіргі уақытта тарихи-мәдени мұраға, оның ішінде рухани және материалдық құндылықтарға, тарихи-мәдени ескерткіштер мен елдің бірегейлігін сақтау мен дамыту үшін маңызы бар нысандарға қызығушылық артып келеді. Олардың ішінде мәдени мұраны пайдаланудан бастап оны дамытуға дейінгі мәселелерді шешуді талап ететін тарихи кешендер ерекше орын алады. Осыған байланысты қоғамның мәдени-рухани дамуында ескерткіштерді, әсіресе тарихи-мәдени кешендерді музейлендіру (музеефикация) жұмыстардың маңызы өте зор. Тарих және мәдениет ескерткіштері нысандарын музейлендіру арқылы оларды қорғау, пайдалану және сақтау мәселелері шешіледі.

Мақалада ғылыми зерттелген ескерткіштерді ендігі кезекте сақтау және оны туризм нышаны ретінде тиімді пайдалануды қажет ететін Талдысай тарихи-мәдени кешенін музейлік бағытта пайдалануына арналады. Осы орайда аталмыш тарихи-мәдени кешенді пайдалану жолдары көрсетіліп, ғалымдардың зерттеулері негізінде кешеннің әр кезең ескерткіштерінің маңыздылығы сипатталады. Автор мақала жазу барысында комплекстік кешеннің көптеген ескерткіштерін сақтау және пайдаланудан туындайтын болжамды нәтижелерін атап өтеді және де кешенді туристік нысан ретіндегі басқару жоспарын анықтайды. Сонымен қатра, автор Талдысай тарихи-мәдени кешенін құрастыратын көптеген ескерткіштердің ерешектерін айта отыра, жалпы тарихи ескерткіштің пайдалану кезінде өңірге келтіретін әлеуметтік-экономикалық әсерін және өнімді қырларын сипаттайды.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты архиві, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы қоры, Жезқазған тарихи-архелогиялық музейі қоры, Жезқазған қаласының мемлекеттік архиві және ғылыми жарияланымдар.

Жұмыс барысында Талдысай тарихи-мәдени кешенін музейлік бағытта пайдаланудың классикалық әдіснамалық мүмкіндіктерінің кешені қолданылды. Солардың ішінде, эмпирикалық зерттеу әдістері арқылы архивтік деректер мен музейлік қорлардағы материалдар мен ғылыми есептерді зерделеу, ғылыми жариялымдарды пайдалану, деректер жинастыру арқылы кешеннің тарихи құндылығы анықталды. Өңірдегі музей қорларындағы кешенге қатысты табылған заттар мен өлкетанушылар жазбаларды зерделенеді. Тарихи салыстырмалы әдіс арқылы Талдысай кешенінде әлемдік тәжірбиеде бар музейлік-туристік нысан ретінде пайдалану жолдары қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29