ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҮЙ-ТҰРМЫСЫНА КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНҒАН ЫДЫСТАРЫ

##article.authors##

  • Мира Ахмет Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Этнография ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері (160700 Қазақстан, Түркістан облысы, Отырар ауданы, С.Нарбекұлы №1)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.14

Түйінді сөздер:

Қазақ халқы, қолөнер, мәдениет, тұрмыстық бұйымдар, ерекшеліктері

Аннотация

Қазіргі уақытта дәстүрлі мәдениетке, оның мәні мен күнделікті өмірдегі рөліне қызығушылық барған сайын күшейе түсті. Осы орайда дәстүрлі қол өнерге деген сүйіспеншілік, сонымен қатар, тұрмыстық заттарды жасау және пайдалану тұрғысынан зерттеу сұрақтары туындайды. Бүгінгі күні халық қолөнершілерінің, ұсталардың дәстүрлі техникада жасалған тұрмыстық заттары тек практикалық жағынан емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан зерделеу жұмыстарын талап етеді, өйткені қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен кәсіптері – төл мәдениетінің құрамдас бөлігі. Халықтың көптеген дәстүрлі қолөнерлерінің ішінде ағаш өңдеудің маңыздылығын ерекше атап өтуге болады. Ұлттық қол өнері дәстүрлі қоғамды күнделікті тұрмысында, үй шаруашылығында әртүрлі заттармен қамтамасыз етті.

Мақалада қазақтың дәстүрлі қолөнері, қазақ шеберлерінің ағаштан жасаған бұйымдардың жасалу технологиясы қарастырылады. Автор ағаштан жасалған ыдыстардың кешегісі мен бүгінгісі зерттелген жұмыстарға, олардың этно-мәдени қызметінің маңыздылығына тоқталған.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында түрлі кезеңдерден мәлімет беретін 150-дан астам ағаштан жасалған  бұйымдар сақталған. Музей қорындағы жәдігерлер музей қызметкерлерінің ұзақ уақыттар бойы жүргізген этнографиялық экспедициялары мен сол өлке тұрғындарының арнайы сыйға тартуы негізінде жинақталған. Жұмыста осы ағаш бұйымдардың ерекшеліктері мен оларды тұрмыста пайдалану үлгілері туралы айтылған.

Зерттеу материалдары мен әдістері: Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің түсім кітаптары, облыстық музейдің ғылыми архивінің құжаттары, тақырыпты ашуға қажетті ғылыми мақалалар мен әдебиеттер зерттеу деректері болып табылды.

Мақалада негізгі қағида тарихи деректерге сүйену болып табылды, суреттеу, таныстыру, баяндау әдістері қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29