«АЛАШ ІСІ. 1920-1930 жж. ОГПУ ЖҮРГІЗГЕН ЖАСАНДЫ ТЕРГЕУ ІСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ» (археографиялық талдау)
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.03Түйінді сөздер:
тарих, архив құжаттары, саяси-қуғын-сүргін құрбандары, Алаш ісі, тергеу материалдары, репрессияАннотация
Аңдатпа. Ұсынылған мақалада «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» архив құжаттары жинағының екітомдығына археографиялық талдау дайындалды. Кітаптың бірінші және екінші томына енгізілген құжаттардың түрлері, хронологиялық шеңбері, басылымның әр томына дайындалған ғылыми-анықтамалық аппараты туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, архивтік-тергеу құжаттарын іріктеу, мәтінін рәсімдеу, оларды басып шығарудың ерекшеліктері айтылды.
Мақаланың мақсаты кітапта жарияланған құжаттар құрамымен және археографиялық өңдеудің ерекшеліктерімен таныстыру. Оны басып шығаруда құрастырушы ұжым алдына, біріншіден, жастардың, келешек ұрпақтың санасына дәуірдің қарама-қайшы мәнін, екіншіден, қуғындалған адамдардың қандай жағдай басына түссе де болашаққа сенімін жоғалтпауы, төзімділігі, рухының мықтылығын жеткізуді мақсат қойды. Үшіншіден, өздері қалаған қоғамның бейнесін ашып көрсетті. Жинаққа енген материалдар қамауға алынған қазақ ұлтшылдарының тағдыры туралы баяндайды, жалпы батыл, әрі қайғылы ХХ ғасыр туралы толғандырады, антихалықтық саясаттың жүргізілуі нәтижесінде орын алған оқиғалар туралы құжаттар тілімен жеткізу болып табылады. Мақаланың негізгі міндеті – Алаш тарихына қатысты тергеу құжаттарын әйгілеу, осы күнге дейін белгісіз мәліметтерді жарыққа шығару.