САЯН-АЛТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАНУАР КҮНТІЗБЕСІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.09Түйінді сөздер:
киелі уақыт, мүшел, жануарлар күнтізбесі, тувалықтар, телеуттер, қазақтар, көшпенділер, түркі мәдениетіАннотация
Аңдатпа. Мақалада Саян-Алтай түркі халықтары және қазақтар күнтізбесінің көшпелі түрлеріне семиотикалық-салыстырмалы талдау жасалған. Тұлғааралық, ұлтаралық сәйкестілікке ықпал ететін, адами қарым-қатынастарды реттеудің күрделі әлеуметтік-мәдени формасына жататын еуразиялық номадтардың 12 жылдық зооморфтық күнтізбесі – тәңіршілдіктің болмыстық негізін зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Түркі халықтарының (телеуіттердің, тувалардың, қазақтардың) 12 жылдық жануарлар күнтізбесі, бұл халықтардың өмір сүру ортасына мәдени бейімделуінің күрделі жүйесі ғана емес, сонымен қатар олардың күнделікті тіршілігінің маңызды мәдени реттеуіштерінің бірі ретінде де әрекет етеді.
Зерттеудің мақсаты – Оңтүстік және Батыс Сібірдегі түркі көшпелі халықтарының 12 жылдық жануарлар күнтізбесі түріндегі киелі уақыт генезисіне салыстырмалы-семиотикалық талдау жасау. Зерттеудің жаңалығы түркі халықтарының мәдени өмірін ұйымдастырудың нысандары мен әдістеріндегі ортақ және өзгешелікті анықтау негізінде түркі мәдениетіндегі киелі уақыт ұғымын салыстырмалы және семиотикалық талдаумен анықталады.
Зерттеу нәтижелері: Зерттеу екі тақырыптық блокта «Телеуіттер мен қазақтардың мәдени өміріндегі киелі уақыт» және «12 жылдық жануарлар күнтізбесі тувалықтар, телеуттер және қазақтардың күнделікті мәдениетінің реттеушісі ретінде» жүзеге асырылды.