ЕУРОПАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БІЛІМІНДЕГІ АЗИЯНЫҢ КӨРІНІСТЕРІ (Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері музейі коллекциясы негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.11Түйінді сөздер:
Нақыш, ксилография, иллюстрация, Орталық Азия, өнер, мәдениет, қойылымдар, басылым, костюм, суретАннотация
Андатпа. География, тарих және этнография саласындағы XIX ғасырдағы ғылыми басылымдарды иллюстрациялау үшін пайдаланылған графика туындылары қазіргі таңда еуропалық зияткерлік ғылыми кеңістікте Орталық Азияның аз белгілі болған аумақтары мен мәдениетін игеру процесі туралы түсінік қалыптасуына мүмкіндік береді. Орталық Азияның этномәдени стереотипінің Еуропаның ғылыми біліміне енуінің бастауларын түсіну қазіргі кезде мәдениеттің жаһандануы аясында ерекше өзекті болып табылады. Алайда, осы мақаланың мақсаттары мен міндеттері Орталық Азия туралы идеялардың қалыптасуына философиялық талдау ғана жүргізумен шектелмейді, ол практикалық сипатқа ие, өйткені олар Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің коллекциясындағы нақты туындыларды қарастырады және олардың авторларының өмірбаянын зерттеудегі кейбір ақтандықтарды толықтырады. Бұл зерттеудің уақыт шеңбері әдеттегі ғасыр шегінен шығады, сондықтан жалпы мағынаны толық түсіну үшін «Ұзақ XIX ғасыр» деп аталатын шартты мәдени-тарихи кезең таңдалды. Осы басылымда келтірілген кейбір мәліметтер мақалада аталған жұмыстарды одан әрі атрибуциялау үшін пайдаланылады. Мақала материалдары өнертанушылар, мәдениеттанушылар, оқытушылар мен музей қызметкерлері үшін қызықты болуы мүмкін.