ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.04Түйінді сөздер:
Арал маңы, Сырдария, Қазалы, музей, өлкетану, ескерткіштерАннотация
Аңдатпа. Мақалада Арал маңының тарихи-мәдени мұралары соның ішіндегі Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағанда орналасқан тарихи археологиялық ескерткіштерді зерттеу және мәдени мұраларымызды сақтауда Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейінің қызметі қарастырылған. Аталған мекеменің қатысуымен аудан аумағындағы «Тапа» қола дәуірінің ескерткіштері және ортағасырлық «Жанкент» қалашығындағы зерттеулерді сақтауда тарихи-өлкетану музейінің маңыздылығы баяндалған. Қазіргі музей қорығы шағын болсада ғылыми зерттеулер жұмысына барынша атсалысып, зерттеулер жүргізіп келеді. Аудан аумағындағы ескерткіштер 2017 жылы Қазақстанның киелі орындар тізіміне және Сыр бойының сакральді ескерткіштер тізіміне енгізілді. Оған Жанкент, Күйік кескен қалашықтары және т.б. 54 тарихи мәдени ескерткіштер еніп, бүгінгі таңда оларды сақтау үшін қорғау аймағы болып белгіленген.
Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі 2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасауда. Қазіргі таңда өлке тарихын, табиғатын, экономикасын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи деректер, ақын – жыраулар, ұсталар және т.б. естеліктері мен ескерткіштерін іздестіру, тарихи маңызы бар құнды жәдігерлерді жинау, зерттеу оларды қорда сақтау – музейдің басты мақсаты болып табылады.