ӨТКЕННІҢ ҮНСІЗ КУӘЛЕРІ: ХХ-ШЫ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ КӨГЕРШІН ХАТЫ НЕ АЙТАДЫ?

##article.authors##

  • Валентина Кутлуева «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.05

Түйінді сөздер:

көгершін хаты, көгершін поштасы, көгершін, әскери көгершін поштасы, көгершін байланысы, жөнелтілім, коллодион пленкасы, пелликул, лётик, көгершін саны, көгершін өсіру, жарыс көгершіндері, тұрмандар, бұхара ақ және қара көгершіндер

Аннотация

Андатпа. Бұл мақалада көгершін хаты сияқты сирек қолданылатын және ерекше құбылысты  ХХ-шы ғасырдың басында кең таралуы  және  байланыс құралы  ретінде пайдаланып, соның ішінде, құпия мәліметтерді жіберуге қолданғаны туралы айтылады; көгершін поштасында арнаулы хат жазатын қағаз (бланк) Ресей империясының баспаханасынан  басылып шығарылғаны туралы атрибуция жасалған; көгершін поштасын әскери жағдайда пайдаланғаны туралы талдау берілген.

Көгершін поштасы – адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған, ежелгі дәуірде пайда болған және адамдар бейбіт және милитаристік мақсаттарда пайдаланылған ең ерекше байланыс түрлерінің бірі деп айтуға болады.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуына және оптикалық, акустикалық, электрлік телеграфтардың пайда болуына қарамастан, XIX-шы ғасырдың аяғы – XX-шы ғасырдың бас кезінде тасымалдаушы көгершіндерді хабарларды жеткізуде көп пайдаланған, осы  кезең  зерттеушілерді ерекше қызықтырады. Көгершін поштасын қазір кейбір орнитологтар, көгершін өсірушілер, сондай-ақ қызығушылық танытатын және ынталы адамдар зерттеп, тәжірибеге енгізуде.

Жарияланды

2024-09-30