ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ МУЗЕЙ БУМЫ?

##article.authors##

  • Бактыгуль Мидинова Т. Садықов атындағы Ош облыстық бейнелеу өнері музейі

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.06

Түйінді сөздер:

Қырғызстанның музейлері, елді мекен, тұлға, музей бумы, қайта құру

Аннотация

Аңдатпа. Қырғызстандағы музейлердің дамуына арналған мақалада 2020 жылдан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңдегі елдегі музейлер қызметіне шолу жасалынған. Автор соңғы жылдардағы оқиғалардың, мысалы, пандемия сияқты, әсерін талдап, Қырғызстандағы музейлердің өзіндік тәжірибесін ұсынады. Мәдени құндылықтарға тікелей қол жеткізусіз ұзақ оқшаулану рухани байытудың маңыздылығын көрсетіп, мәдени тәжірибенің құндылығын арттырғанын атап көрсетеді. Автор «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешенін мысалында, музейлерді дамыту үшін кадр саясатының маңыздылығына тоқталған. Қырғызстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы музей әлемі үшін маңызды оқиға болған Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінің қайта құрудан кейінгі ашылуын сипаттайды. Сондай-ақ жергілікті музейлерді дамыту арқылы локализация және тұлғаны қалыптастыру сияқты факторларды қарастырады. Мақала авторы жеке факторларды көрсете отырып, Қырғызстандағы музей мекемелерінің жұмыс істеуі мен дамуына әсер ететін факторларға тоқталады.

Жарияланды

2024-09-30