Журнал туралы

«MUSEUM.KZ» – музейтану, музей ісі, мәдени мұра нысандарын қорғау, тарих, деректану, археология, нумизматика, этнология, өнертану, мәдениеттану және мәдениет тарихының өзекті мәселелеріне арналған рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журнал.

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бұрын жарияланбаған ғылыми еңбектерді жариялайды.

Редакцияға жариялауға жіберілген ғылыми жұмыстар плагиатқа тексеріледі. Плагиат анықталса, жұмыс қосымша қарауға қабылданбайды.

Журналда келіп түскен жұмыстарды рецензиялаудың тәуелсіз институты жұмыс істейді. Журналдың редакциялық алқасына белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.

Журналдың редакциясы өз қызметінде Committee on Publication Ethics – COPE халықаралық жариялау этикасы комитеті әзірлеген принциптерді, сондай-ақ Scopus (Elsevier) журналдарын жариялаудың этикалық принциптерін басшылыққа алады. Басылымның авторлар мен оқырмандар үшін ашықтық принципі «MUSEUM.KZ» журнал саясатының негізі болып табылады.

Журнал материалдары «MUSEUM.KZ» Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Дүниежүзілік (CC BY 4.0, лицензия «Авторлықпен») лицензиясы бойынша қол жетімді.

Ағымдағы шығарылым

Том 1 № 1 (2024): Ғылыми-практикалық журнал MUSEUM.KZ
					##issue.viewIssueIdentification##
Жарияланды: 2024-03-29

Толық нұсқасы

Статьи

Барлық шығарымдарды көрсету