TRADITIONS AND INNOVATION IN RISTAN'S MODERN CERAMICS (UZBEKISTAN). NEW ARRIVALS AT THE STATE MUSEUM-RESERVE «TSARITSYNO»

Authors

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.02

Keywords:

Rishtan, ceramics, pottery, author's ceramics, traditional art, Nazirov, Kamilov, sarshuyak, urdak vessel

Abstract

Риштан қыш өндірісің тарихы кем дегенде сегіз ғасырдан асады. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында технологияның дамуына, жаңа материалдардың пайда болуына, заттарды өткізу нарығының тарылуына байланысты бұл салада үлкен өзгерістер болды. Кеңес өкіметі жылдарында өндіріс бірнеше рет қайта ұйымдастырылды, шеберлер саны азайды. Алайда, атадан балаға мұра болып өтетін дәстүрлі қыш өндірісі сақталды. Тәжірибелі шеберлер жастарға технология мен безендірудің құпияларын жеткізіп, жұмыс дағдыларын үйретті. Жаңа түбегейлі өзгерістер ХХ ғасырдың соңында болды. Бұйымдардың жаңа түрлері мен декордың жаңа тәсілдерін игерген шеберлердің жаңа буыны қалыптасты; олар өнерде өз жолдарын табуға тырысуды. Бұл жағдайда дәстүрлі халық өнері авторлыққа өнерге жол береді, дегенмен дәстүрлер қазіргі шеберлерді шабыттандырудың «діңгегі» болып қала береді.

Қыш өндірісінің бүгінгі жағдайын анықтау сәндік-қолданбалы өнерді зерттеушілерге қазіргі заманғы өнер процесін түсіну және оның негізгі тенденцияларын анықтау үшін қажеттіліктен туындаған өзекті міндет болып табылады. Музей қорларын заманауи жұмыстармен толықтыру да маңызды міндет болып табылады. Мақалада ең танымал екі риштандық шеберлер – Әлішер Назиров пен Исмаил Камилов туралы айтылады, олардың шығармашылығында дәстүрге адалдық және жеке, авторлық қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Музейге алынған заттар осы шеберлердің стильдік ерекшеліктерін толық көрсететін эталондық жұмыстар болып табылады.

Author Biography

Elena Ofitserova, Tsaritsyno State Museum-Reserve

Senior Researcher at the Tsaritsyno State Medical Museum

Published

2025-09-30