БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТАНДА МУЗЕЙДЕ ТАРИХ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

##article.authors##

  • Айнұр Архыматаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы https://orcid.org/0000-0001-6030-7299
  • Айгүл Қайыпбаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.13

Түйінді сөздер:

білім беру, музей, музейдегі сабақ, тарихи жәдігерлер, тарихи сана

Аннотация

Аңдатпа. Музей педагогикалық жағдайларда оқытудың бір бөлігі болып табылатын таным процесін қамтамасыз ету құралы ретінде әрекет ете алады. Мақалада музейдің  тарих сабақтары бойынша білім беру әлеуетін іске асыру түрлері қарастырылады. Біріншіден, музей сыныптан тыс жұмыстар аясында білім беру ұйымдарының оқу пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізуге арналған алаң. Білім алушылар музейге оқу пәні бойынша білімдерін тереңдету мақсатында келеді. Екіншіден, музей түрлі фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды зерттеуде жәдігерлік көрнекі құралдар қызметін атқара отырып, жалпы орта білім беретін мектептерде тарих пәндерін оқытуда оқу-әдістемелік әлеуетке ие. Бұл ұстанымнан музей оқу құралы ретінде әрекет етеді. Мақалада орта білім беру ұйымдары мұғалімдеріне теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында тарих пәндерінен тақырыптық сабақтарды музейлерде және тарихи орындарда өткізуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жазылған.

Мақалада музей сабақтарын өткізудің маңыздылығы қарастырылып, музейлік сабақтарда музей жәдігерлерікөрнекі құрал ретінде емес, зерттеу көзі ретінде қарастырылу қажеттігінің маңыздылығы баяндалған. Қазақ халқының ұмыт болған тарихындағы асыл мұраларын келер ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санада ұлтжандылық ұялататын және ел тарихын әлемге танытатын механизмнің бірі – музей болып табылады. Сондықтан мұндай музейлік сабақтар білім беру бағытында білім алушылардың өз елі, жері, мәдени ескерткіштері туралы алған білімдерін бекітіп, тереңдетуге септігін тигізеді. Музейлік сабақтар білім алушыларға өте қызықты, себебі музей қоғамдық өмірдің белсенді элементі ретіндегі әлеуметтік институт.

Жарияланды

2024-09-30