МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.06Түйінді сөздер:
музей, педагогика, адамгершілік, рухани, тәрбие, дүниетаным, тұлға, дамуАннотация
Андатпа. Ұсынылған мақалада «музей педагогикасы» ұғымына зерттеушілердің әртүрлі көзқарастары, оның ғылым ретінде қалыптасуы, музейлік педагогикалық бағдарламалар мен сабақтардың үлгілері, балалармен жұмыс істеудің әртүрлі түрлері мен әдістері қарастырылған. Жалпы музей педагогикасы музейді білім беру жүйесі ретінде қарастыратын музейтану, педагогика және психологияның тоғысуындағы ғылыми пән екендігі сараланады.
Музей педагогикасының жаңа бағыты – интерактивті музей сабақтарының негізінде балаларда музейге деген қызығушылығы мен бейімділігін артады. Оның негізгі қызметі мәдени-білім берудің ерекшеліктері мен тарихын, әртүрлі категориялардағы келушілерге ықпал ету әдістерін жүзеге асыру және басқа педагогикалық мекемелердің өзара қарым-қатынасын зерттеу болып табылады. Музей педагогикасы музейдің мәдени-ағартушылық ортасында мектеп оқушыларының іс-әрекетінің заманауи педагогикалық формаларын дамытуға шақырады.
Мақалада музейде баланы жандандыруға және оның шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған жаңа әдістемелерді қолданатын сабақтар қамтылады.
Музей педагогикасы – балалардың бойында гуманистік құндылықтарды қалыптастыруға, табиғатқа, әлемге және басқа адамдарға сезімтал қарауға көмектесетін инновациялық педагогикалық технология. Сонымен қатар музей жәдігерлерін ұлттық мәдениетіміздің дерегі және жастарды рухани жағынан тәрбиелеу құралы ретінде педагогикалық тұрғыдан қарастыру, ғылымда арнайы ғылыми бағыт ретінде музейлік педагогиканы, оның теориялық-методологиялық негіздерін қалыпатастыру бүгінгі күннің басты талабы екендігін айқындайды.