XIX – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ БЕЛОРУСТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУ ТАРИХЫ МЕН САНЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.10Түйінді сөздер:
этникалық белорустар, шығыс славяндар, қазақтар, қоныс аудару, Қазақстан, халық санағы, саны, қоныстануАннотация
Мақалада арнайы әдебиеттер мен 1897 жылғы Ресей империясының көптомдық Бірінші жалпы халық санағы материалдары негізінде Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарындағы этникалық белорустардың саны мен қоныстану ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бұл үдерістің негізінен мәжбүрлі және көп кезеңді сипатта болғанын айқындайды. Қоныстанудың алғашқы кезеңі XIX ғасырдың ортасында ұлттық-азаттық көтерілістердің басып-жаншылуынан кейін белорус халқының бір бөлігін күштеп қоныс аударумен байланысты болды. Екінші кезең, жерсіз қалған шаруалардың негізгі бөлігін қамтыған, өздігінен жүріп жатқан көші-қон мен XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Столыпинның аграрлық реформалары аясында ұйымдасқан, жоспарлы қоныстануды ұштастырды. Зерттеуде Қазақстан аумағындағы белорус диаспорасының қалыптасу үдерісі казак әскерінің отарлауымен, сондай-ақ Ресей империясының ұлттық шет аймақтарында жүргізген қоныс аудару саясаты шеңберінде орыс, украин және өзге де еуропалық этностардың жаппай қоныс аударуымен тығыз байланыста жүргені көрсетіледі.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері XIX - шы ғасырдың ортасы мен XX -шы ғасырдың басын қамтиды, бұл жерсіз белорустардың, сондай-ақ Ресей империясының еуропалық бөлігінен олармен байланыста болған орыстардың, украиндардың және басқа этникалық топтардың өкілдерінің стихиялық және кейіннен жоспарланған қоныс аударуының бастапқы кезеңіне сәйкес келеді.
 
						 
							



