«МУЗЕЙДЕГІ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ: ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.03Түйінді сөздер:
музей педагогикасы, музей-қорық, музейдегі балалар аудиториясы, жәдігер, экспозицияАннотация
Аңдатпа. Мақалада музейдің мәдени-ағартушылық қызметіндегі балалармен жұмыс жүргізуде қолданылатын әдіс-тәсілдер мәселесі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі балаларға арналған музейлік бағдарламаларды әзірлеуде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдап алынған тақырыпты жан-жақты ашатын және баланың қызығушылығына бейімдеу, әдіс-тәсілдердің музей үшін қолжетімді және оның кеңістігіне қауіп тудырмауын анықтау қажеттілігінен туындайды.
Зерттеудің мақсаты – «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында жүзеге асырылған «Музейдегі жазғы мектеп» жобасын ұйымдастыру тәжірибесін талдай отырып, балаларға музейді қолжетімді етуге бағытталған музейлік-педагогикалық жобаның құрылымы, мазмұны мен әдістемесін талдау.
Зерттеу барысында музей кеңістігін мәдени-ағартушылық іс-шарамен қатар білім беру бағдарламасымен өзара байланыстыруға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Музейлік сабақта экспозциямен ғана шектелмей жәдігерлер, тарихи-мәдени ескерткіштер және музейдің кәсіби бағыттарын қамтуға болатыны анықталды. Бұл үйлесімділік «Музейдегі жазғы мектеп» жобасында қолданылды. Мұнда музей кеңістігі – музейлік кәсіби бағыт – жәдігер / тарихи-мәдени ескерткіш – экспозиция өзара сабақтаса байланысты. Музейлік ақпаратты балаға бейімдеу, оны таныстыру үшін түрлі әдістерді қолдану музейдің мазмұнын бала үшін түсінікті және қызықты етеді. Осы зерттеуде «Музейдегі жазғы мектеп» жобасын жүзеге асыру тәжірибесі жаз мезгілінде баланың бос уақытын ұйымдастырудың бір үлгісі ретінде айқындалады. Жоба бағдарламасының мазмұны әртүрлі бағыттағы музейге бейімделуі оның тәжірибелік өзектілігін құрайды.

